30 жыл жұмыс істеген педагогтар аттестациядан босатылады

Мектепте 30 жыл еңбек атқарған мұғалімдер аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өтеді.

Қазіргі ереже бойынша педагог аттестацияның екі кезеңінен өтуге тиіс. Біріншіден, пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тест тапсырады. Екінші кезекте педагог портфолиосымен және жетістіктерімен бөліседі.  

Бұл ретте Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік тестіне қатысты келесі өзгерістердің болатынына сендірді.

Ең алдымен, әдістеме бойынша тестілеу сұрақтарын қамтитын толық тақырыптар мен әдебиеттер барлығына қолжетімді болады.

Педагогикалық өтілі 30 жыл және аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтар біліктілік тестілеуден босатылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.

30 жыл еңбек еткен, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтар, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

30 жыл мектепте жұмыс істеу – нағыз ерлік. 30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық. Мұғалім тек портфолиосын тапсырады. Біз 30 жыл бойы жұмыс істеп келген мұғалімге сенуіміз керек. Оларды үлкен стресске апармай, екінші этаптан ғана өтуге мүмкіндік беріп отырмыз, 

деді министр.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago