Categories: Қоғам

Байлардың тәбетін азайту керек — Ерлан Саиров

2007-2019 жылдар аралығында Ұлттық Қордан екінші дәрежелі банктерге 9 трлн теңге таратылды. Бұл қаржының басым бөлігі әлі қайтарылған жоқ, байлар байып, кедейлер кедейлене берді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров төменгі палатаның жалпы отырысында мәлім етті.

Саиров өз сөзінде Дүниежүзілік банктің есебі бойынша Қазақстан халқының 15%-ы кедейлер санатында екенін қадап айтты.

30 жылдың ішінде мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық. Былтыр қаңтардың басында елімізде әлеуметтік әділеттілікті талап етіп, бейбіт митингіге шыққан азаматтар – әділетсіздіктен шаршаған, тұрмыс жұтаңдығынан қажыған, болашаққа сенімсіздіктен тұралаған отандастарымыз, туған-туыстарымыз. Ол азаматтарды осындай жағдайға жеткізген волюнтаристік, коррупциялық, протекционистік ескі жүйе. Қазақстан мемлекетінің тағдыры қыл үстінде тұрды. Мәсімов бастаған жымысқы топтың іс-әрекетінің нәтижесінде елге территориялық дезинтеграция қаупі төнді.

Ерлан Саиров елімізде қаңтар оқиғасы тәрізді трагедия қайталанбауы тиіс екенін айта келе, билік халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру үшін нақты қадамдар жасауы керектігіне баса назар аударды.

Оның айтуынша, мемлекеттік аппаратты коррупция, протекцияға былыққан шенеуіктерден тазарту, квазимемлекеттік сектордың өнеркәсіп, қаржы ресурстарын бақылаудың сенімді тетіктерін жасау, олигархтарды ауыздықтау, шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтаруды тездету өте маңызды.

Кедейшілікті жоя отырып, әсіре байлардың да тәбетін азайту – ең басты міндеттердің бірі. Президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында халықты кедейліктің «шынжырынан»  табанды түрде шығару, халықтың әл-ауқатын нақты өсірудің жолдары нақтыланып, қарастырылған. Ауылды жерлерде халыққа үй шаруашылықтарын дамыту үшін 1 млн адамды қамтитын 1 трлн теңге бөлінеді, алдағы жеті жылда 111 млн текше метр үй салынып, 3,3 млн адам жұмыспен қамтылуы тиіс,

деді депутат.

Депутат өз сөзінде аталған жұмыстың бәрі Үкіметке жүктелетінін қозғап өтті. Алайда ол бүгінгі Үкіметті «сылбыр, жұмысы шала» деп сынға алды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

22 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

22 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

22 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

23 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago