Фото: pexels.com
13 жыл бұрын Қостөбе ауылында 350 миллион теңге жұмсап мектеп салынған. Алайда бұл ғимаратта білім алу мүмкін емес. Мектеп 80 пайызға жарамсыз болып танылды. Билік мердігерлермен соттасып жатқан кезде, ауылдың балалары мен мұғалімдері көрші ауылға сандалып жүр.
2010 жылда қолданысқа берілген ғимарат ұзаққа шыдамады. Оқу сыныптары мен асханада тесіктер пайда болып, едендері ажырап кеткен. Ал мектептің сыртқы келбеті мүлдем ұсқынсыз: сыланған қабырғалары көшіп кеткен, ал фундаменті мүлдем отырып қалған. Апатты мектеп биылғы оқу жылында жарамсыз деп танылды. Сот оны жапты. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша білім ордасы 80 пайызға жарамсыз екені анықталды.
Енді биліктің бе, әлде құрылыс компаниясының ба, әйтеуір немқұрайлылықтың зардабын бақандай 130 бала тартып отыр. Не болса да, білім алу керек қой. Олар Қостөбеден 5 шақырым орналасқан көрші ауылға барып оқып жүр. Автобус қатынайды екен. Алайда ауа райының қолайсыздығынан діттеген жерге жету мүмкін емес. Сондықтан кейде оқушылар онлайн форматқа көшеді.
Ауыл тұрғындары мен белсенділері мектептің тағдырын тезірек шешсе екен деп отыр. Балаларының білім сапасына алаңдаған ата-аналар да шаршапты.
Келеңсіз жағдай туралы Түркістан облысының шенеуніктері пікір білдірмей отыр. Мектеп салынады ма, әлде бұзылады ма ешкім жауап бермеді. Қажетті органдарға хат жазылған да, бірнеше рет өтініш жасаған. Жауап жоқ.
Судан таза, сүттен ақ болғысы келген биліктегілер мердігерге кінә артып отыр. Ғимаратты сапасыз салған дейді-мыс. Ал нысанды қабылдаған кезде қайда қараған деген сұрақ туындайды. Енді мәселенің ақ-қарасын прокуратура анықтайтын болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…