Categories: Оқиға

4 жасар бала қайтыс болған інісін оятып, бірге алып кетуді өтінген: Ақтөбеде жантүршігерлік жағдай болды

Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды. Еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін, сондай-ақ, мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған, — деп хабарлайды Диапазон.

Ерікті Екатерина Голотина Zello Poisk командасымен бірге 4 жасар баланы құтқарып қалған. Бірақ олар бұған дейін де бұл отбасына барған. Қазанда Zello Poisk еріктілер тобына осы отбасы туралы алғашқы арыз түскен. Онда кішкентай балалар ішімдікке құмар ата-анасымен бірге тұратыны және оларға қауіп төніп тұрғаны айтылған.

Сол жерге бардық. Жағдай қорқынышты болды. Ата-анасы, атасы мен әжесі мас болып шықты. Олар бізге күрек алып жүгірді. Біз полиция, жедел жәрдем және қамқоршылық органдарын шақырдық. Оларды бірінші рет шақырып тұрмаған екен. 8 айлық және 4 жастағы екі баланы көршісі тамақтандырып тұрған. Балалар арық болды, көздерінің асты көгеріп кеткен, аш болды. Анасы бізге кенжесі қоспа жемейтінін, оны сумен және қантпен тамақтандыратынын айтты. Оның көз алдында балаға қоспа бердік, ал ол бірден іше бастады,

деді Екатерина Голотина.

Сол кезде балаларды «Үміт» балалар үйіне алып кеткен, бірақ олар ол жерде ұзақ болған жоқ. Еріктілер кейін көп ұзамай балалар отбасына қайтарылғанын, отбасы мекенжайды айтпай, көшіп кеткенін білген.

Ал ақпанда еріктілер кішкентай бала қайтыс болғанын білген.

«Осы отбасындағы кішкентай бала қайтыс болғанын білдік. Біз мекенжайды тауып бардық. Көргеніміз қорқынышты болды, екі адам қан жоса күйде үстел басында отырды. Олар төбелескен секілді. Анасының қолы кесілген. Ол бізге кішкентай баланың пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Оның денесі бөлмеде тұрды. Қарны аш үлкен бала жылап жатты. Біз барлық құзыретті органды шақырдық. Вова қайтыс болғаннан кейін де ешкім бұл отбасына назар аудармағаны мені таңғалдырды. Біз жағдайды білмесек, оған араласпасақ, бұдан әрі не болатынын елестету қорқынышты. 4 жасар баланы мына тозақтан алып бара жатқанда, ол інісін оятып, бірге алып кетуді өтінді. Жантүршігерлік жайт. Көлікте бала тамақ беруімізді өтінді. Жүректі ауыртады. Құзыретті органдардың қайда қарап отырғанын, балаларды бұлай қалай қалдыруға болатынын түсінбеймін», — дейді ол.

Еріктілер әйелдің баласын жерлеуге уақыты болмағанына қапаланған.

«Олардың бәрі мас болды, жерлеу рәсімі келесі күнге ауыстырылды. Бірақ келесі күні ештеңе өзгерген жоқ, қамқор адамдар жерледі. Зиратта ата-анасы болған жоқ»,- дейді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago