Categories: Оқиға

43 жасында диплом алам деп, алаяққа ұрынды

Семейде диплом жасап беремін деп қаражатты қалтасына басқан алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілде күні Семей қаласы ПБ-ға “102” жедел арнасына 43 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2023 жылдың қаңтар айының соңында бейтаныс адам сенімді теріс пайдаланып, алаяқтық жолмен 600 мың теңге сомасында қаражатын иемденгенін хабарлаған.

Күдіктінің берген уәдесі іске аспайтынына көзі жеткен жәбірленуші полицияға жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ диплом алуға көмектесемін деп уәде беріп, қолына ақша түскен соң “ізін суытқан”.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтаған. Күдікке ілінген 55 жастағы ер адам жұмыссыз екені белгілі болды. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан, – деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Алаяқтық дерекке қатысты ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago