Categories: Қоғам

5 жылда 11 мыңнан аса өлім: Еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды

Соңғы 5 жыл ішінде болған 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 193 адам көз жұмды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген.

5 жыл ішінде 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасында 11 193 адам (8 212 ер адам, 2 974 әйел, 1 093 бала) қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингінде Қазақстан 100 000 халыққа шаққанда 12,7 өлім көрсеткішімен әлемнің 192 елінің ішінде 107 орында тұр.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан азаматтардың 36%-ы жаяу жүргіншілер, 32%-ы көлік құралдарының жолаушылары, 27%-ы көлік құралдарының жүргізушілері, 5%-ы мотокөлік немесе велосипед тізгіндегендер.

Ведомство барлық жол-көлік оқиғаларының 94%-ы жүргізушілердің кінәсінен болатынын атап өткен. Оның ішінде 6%-ға жуығы мас күйінде көлік басқаратындар.

Былтыр адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығын автомектептерде оқымай, өз бетінше оқыған адамдар жасаған. Жоғарыда аталған себептермен орын алған жазатайым оқиғалардың 55% жолда жүру қағидаларын бұзу фактілерін фото-бейне жазбаға түсіретін камералардың жоқтығына және патрульдік полицияның жылжымалы техникалық бақылау құралдарымен нашар жабдықталуына байланысты жол қозғалысын қадағалау мен бақылау тұрақты емес қаланың сыртындағы жолдарда болады,

деп жазылған құжатта.

Сонымен бірге министрлік ұсынған ақпараттың ішінде жол-көлік оқиғасынан адам өлімі көп тіркелетін жолдар айтылған.

Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Ташкент», Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы «Орал-Атырау» автожолдарының учаскелерінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Яғни, мұнда қайтыс болғандар жалпы апаттардан көз жұмғандардың 60%-нан астамын құрайды.

Жалпы, еліміздің автопаркінде қызмет ету мерзімі 20 жылдан асатын көліктердің үлесі басым. 5 жыл ішінде техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін 565,7 мың жүргізуші жауапқа тартылса, соның 266,8 мыңына техникалық байқаудан өтпегені үшін айыппұл салынған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago