Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың реформалар мен ұсыныстарды бастауы үшін заңды онлайн петициялар институтын құруды тапсырды. 2021 жылдың қарашасында Ақпарат министрлігі бірыңғай «Электрондық петиция» платформасын құру үшін нормативтік базаны дайындап жатқанын хабарлады. Заң жобасының негізгі мақсаты – қоғамдық бақылау арқылы азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.
Интернет-ресурста петицияны жалпыға қолжетімді жерде орналастыру үшін ол бірнеше шартқа сай болуы керек:
– петиция берген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кемінде 150 азаматы өтінішке қосылуы керек;
– петицияны беру кезінде интернет-ресурста сол тақырыпқа қатысты екінші бір петицияның болмауы.
Петиция интернет-ресурста жарияланғаннан кейін алты ай ішінде республика азаматтарының кемінде 50 мың дауысын алған жағдайда, петиция Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралатын болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…