Categories: Қоғам

6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?

Отбасы банкі Instagram парақшасында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады деп хабарлады turkystan.kz.

Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
  • осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.

Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.

«Жас отбасы» бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.

Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago