Атақ және ақша

60 миллион доллар: Шетелдік бай жұлдыздар да несиеге үй сатып алады екен

Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек несиеге үй сатып алды. Беверли-Хиллздан тапқан 60 миллион долларлық баспананы Голливуд жұлдыздары бірнеше жыл бойы іздеген.

Арманындағы үйге қол жеткізу үшін ерлі-зайыптылар 20 миллион долларға несие рәсімдеуді ұйғарған, деп хабарлайды Kazinform The U.S. Sun басылымына сілтеме жасап.

Зәулім сарайда 12 жатын бөлме, 24 жуынатын бөлме, сонымен қатар жеке жабық спорт кешені мен 92 көлікке арналған автотұрақ бар. Үй олардың бизнес-менеджерлері Гэри Кресс және Брайан Мерфимен байланысы бар сенімгерлік қор арқылы алынды.

Бұған дейін жұбайлар қолма-қол ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Бірақ олар қаржылық мүмкіндіктерін қайта қарауды шешкен көрінеді.

31 тамызда қол қойылған келісімшарт бойынша Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек JPMorgan Chase Bank-тен 30 жылға несие алған.

Алғашқы 6 жылда пайыздық мөлшерлеме 5,5% болады да, кейін өседі. Негізгі сома мен пайызды төлеуді олар 2033 жылдың қарашасында бастайды.

Америкалық сарапшылардың пікірінше, жұбайлар қарызға батып жатқандай көрінгенімен, шын мәнінде, бұл – олар үшін өте тиімді нұсқа.

Салық жеңілдігін алу үшін бай адамдар арасында мұндай тәсіл жиі қолданылады. Олардың активтерін қарастырып, кез келген қадам алдында тиімді жолды таңдап беретін қаржы кеңесшілері бар екені белгілі немесе өздері шешім қабылдауы да әбден мүмкін,

деп атап өтті Лос-Анджелестегі риэлтор Тони Мариотти.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago