Categories: Білім

«60 жыл жөндеу көрмеген»: Павлодар облысында балалар апаттық жағдайда білім алып жатыр

Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы Воскресенка ауылының мектебі жөндеу көрмегелі 60 жылға жуықтады. Білім ошағы 1964 жылы салынғалы бері сылақ тиіп, шеге қағылмаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде мектепте 65 оқушы және шағын орталықта 10 бала тәлім алады. Жарты ғасырдан аса уақыт бұрынғы терезелер әбден ескіріп кеткен. Қысты күндері жел соғып, сыныпта сабақ оқу мүмкін емес болады екен. Сол себепті мұғалімдер аязды күндері амалсыз онлайн оқуға көшетіндерін айтады. Кабинеттердің терезелері целофонмен қапталған. Көктемде қар ерігенде және жаңбырлы күндері төбеден су тамшылап мектеп іші көлге айналады. 

Ата-аналарда ашық-шашық қалған электр сымдарынан тоқ соға ма деп балалары үшін уайымдайды.

Мектеп суық, балаларымыз қыс бойы ауырып шығады. Бар тапқан табысымыз балалардың еміне кетеді. Біз мектепті жөндеп беру жөнінде қаншама жылдан бері айтып келеміз, тыңдайтын құлақ болмай тұр. Өткенде әкім «осы жазда ауылға асфальт төсейміз» дейді. Сол асфальті керек жоқ. Мектебімізді жөндеп берсе екен. Жолсыз да күн көреміз. Ал мектеп қажет, балалардың болашағы үшін қажет,

дейді ата-ана Виолетта Вальт.

Осы мәселеге байланысты аудан әкімі Азамат Маңғұтовқа хабарласып көрдік.

Жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Жоба бойынша 201 миллион теңге сұрап отырмыз. Ақша бөлетін-бөлмейтіні облыстық бюджетке байланысты. Бюджеттен қаражат бөлінсе, біз жасаймыз,

дейді әкім.

Яғни, қаражат бөлінбесе Воскресенка ауылының оқушылар келер қысты да жартық жамау тереземен қарсы алады. Айта кетейік, бұл мектептің қабырғасында 20-ғасырдың әйгілі өсиеті әлі жазулы тұр екен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago