Categories: Қоғам

65 жастан асқанда жұмыс істеп жүрген қанша зейнеткер бар?

Қазақстанда 65 жастан асса да әлі жұмыс істеп жүрген  82 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың көпшілігі  жылы кабинетте отыратын кеңсе қызметкерлері емес.

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлі жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің саны 82,7 мың адамды құрады. Олардың арасында  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те бар. Бұл жас санатындағы қызметкерлер саны 2020 жылы күрт өскен. Ол кезде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны бірден 21,7 мыңға өсіп, 65,3 мыңнан 87 мың адамға жеткен.

2021-2022 жылдары көрсеткіш аздап төмендеген — 4,4% және 0,6%.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, БҚО, Түркістан облысы, Астана және Шымкент қалаларында 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер жоқ екені белгілі болды.

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны әр өңірде әр қилы.  Осы санаттағы қазақстандықтардың көпшілігі солтүстік және орталық өңірлерде тұрады. Ресми ескерілгендердің жартысына жуығы (49%) Қостанай (20,9 мың адам) және Ақмола (20 мың адам) облыстарында. Сондай-ақ Қарағанды (9,4 мың адам), Павлодар (10,4 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (10,8 мың адам) облыстарында да баршылық.

Қалған өңірлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен, ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Маңғыстау облыстарында  тіркелді: 115 және 244 адам.

Осы жас санатындағы барлық жұмыс істейтін зейнеткерлердің 75%-дан астамы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді (62,4 мың адам).

Экономикалық  4%-ы қоймаларда немесе жүргізуші болып жұмыс істесе (3,6 мыңнан астам азамат), ал 3 мың адам медицина саласының қызметкерлері.

Құрылыс (2,2 мың) және өнеркәсіп (2,3 мың) сияқты қиын салаларда 65 жастан кейін де жұмыс істеп жатқан азаматтар баршылық. 2022 жылы олардың саны пандемияға дейінгіге қарағанда көбірек болды: 3,2% және 37,8%.  Бірақ мемлекеттік органдардағы басшылар мен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері саны кеміді: 2019 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 40,4%-ға азайды.

Алайда басқа салалармен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында зейнет жастан кейін де жұмыс істеуге дайын адамдар аз болды.

Өткен жылдың 3-тоқсанында ондай 268 зейнеткер тіркелді. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бар.

Былтыр елімізде 65 жастан асқан басшылар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілер саны бар болғаны 58 адам тіркелді.

Қазақстанда қартайған басшылардың жалпы саны 1,4 мыңнан сәл асады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз.

Жасы 65-тен асқан ресми түрде жұмыс істейтін зейнеткерлердің көбі профессор, әкім, ғылым докторы секілді өскелең ұрпаққа білім беретіндер емес. 67,9% немесе 56,1 мың адам жұмыс істейтін зейнеткер біліктілігі жоқ жұмысшылар екені анықталды. Тағы 8,6%-ы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, сататын шаруалар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago