69 адамның өмірін қиған Ленин шахтасы жабыла ма – облыс әкімінің жауабы

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахта іске қосылған 58 жылдан бері онда 69 адам қаза тапқан. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.

Апат жиі тіркеліп, қаншама кеншінің өмірі қиылса да, Ленин шахтасын жабу жоспарланып отырған жоқ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аталған шахтада әлі 10 жылға жететін көмір қоры бар.

Шахта консервацияланбайды. Мұндағы жұмыстар комиссия жұмыс істеп тұрған кезде ғана тоқтап тұрады. Апат себептері анықталғаннан кейін және салдары жойылғаннан кейін шахта әрі қарай жұмыс істей береді,

деді әкім.

Аймақ басшысы аталған шахтаның «ресурсы аяқталуға жақын» деген мәліметтерді жоққа шығарды.

Шахтаның ресурсы деген ұғым жоқ. Егер қазуға болатын көмір болса, көмір қоры жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұрса, бүкіл көлем толық қазып алынғанша шахта жұмыс істей береді. Мамандардың дерегі бойынша, бүгінде бұл шахтадан 10 млн тоннаға дейін көмір қазып алуға болады. Орта есеппен жыл сайын 1 млн тонна көмір қазып алады десек, 10 жылдың жұмысы бар деген сөз. Оның өзінде қосымша қатпарларды барлап, игермейтін болса осындай мерзім бойы жұмыс істейді,

деді Жеңіс Қасымбек.

Жалпы, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның көмір кеніштерінде 10-нан астап ірі апат болып, салдарынан 150-ден астам адам қаза тапқан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago