Categories: Саясат

70 елден 100-ден астам спикер: «Астана» Халықаралық форумы маусымда өтеді

Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтеді.

«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбымен өтетін Халықаралық іс-шара аса маңызды  жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Форумға қатысушылар бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге жауап іздейді.

Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, халықаралық ұйымдар, ірі компаниялар, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтың өкілдері – 300-ден астам шетелдік делегаттар, олардың ішінде ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ басшылары, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері, кеңес мүшелері және шетелдік инвесторлар қатысады деп жоспарлануда.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.

Жиында сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелері талқыланады.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

ҚР Үкіметі ұйымдастырған форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago