Фото: ашық дереккөзден
Белгілі мобилограф Қыран Талапбек Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында 500 шаршы мерт болатын екі қабатты үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыран Талапбек хан сарайындай үйдің құрылысына 1,5 миллион доллар, яғни 700 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.
Өзіміздің үйіміз болатын. Ата-анамды көндіріп, ол үйді сатып жібердім де, жер алайық деп ұсыныс тастадым. Ол кезде ақшамыз тек жер алуға ғана жетті. Сөйтіп 10 сотық жер алдық. Жұмыс істеп, ақша тауып, жайлап үй саламыз деп ойладық. Аллаға шүкір, құрылысты аяқтадық. Жер алғанда мұнда ескі үй болдық. Оны сүріп тастадық.
Үй 500 шаршы метр. Менің есептеуімше, 1,5 миллион доллардан көп кетті.
Үлкен үйдің алдында тұрған бес автокөлік те назардан тыс қалмады.
Бес көлік бар. Біреуі — әкемдікі, біреуі — менікі, біреуі — әйелімдікі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім жүргізеді. Соңғысы – электрокар.
Қыран Талапбек пен оның екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Бұл әулеттің келіні ештеңеге шағымым жоқ дейді.
Бұл үйде Қыран екеуіміз, ата-анамыз және Қыранның інісі тұрады. Ата-енеммен тұрған ұнайды. Бұл үйде барлық жағдай жасалған. Сол себепті ешқандай шағымым жоқ. Ата-енемнің бөлмесі бірінші қабатта. Үйде әркімнің өз шаруасы бар дегендей, кейде тіпті бір-бірімізді көрмейміз. Сондай-ақ үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз бір-біріміздің бөлмемізге кірмейміз,
дейді Гүлзада Тұрлаш.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…