78 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Министрдің айтуынша, биыл Андорра, Иран, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді.

Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінгі таңда барлық шектеу алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 78 елге визасыз режим қайтарылды. Қазіргі уақытта 28 мемлекетке қатынайтын 112 халықаралық рейс іске қосылды. Биыл Андорра, Иран, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді,

деді Ержан Еркінбаев.

Сонымен қатар ол кейінгі 3 жылда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 118 жобаға 170 миллиард доллар бөлінгенін айтты.

Аталған жобалар аясында 643 шақырым жол, 291 шақырым су құбыры және 321 шақырым кәріз және 108 шақырым электр желісі салынды. Қазіргі кезде туризм саласына үкімет тарапынан жылдан жылға көбірек мән беріліп келеді. Мақсат — оны экономиканың табысты саласына айналдыру,

деді вице-министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago