Categories: Қоғам

8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 1 маусымдағы дерек бойынша 8 034 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды.

Жалпы, 1991 жылдан бері елге 1 млн 115,1 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% – Қытайдан, 11% – Ресейден, 6,4% – Моңғолиядан, 4,9% – Түрікменстаннан және 3,3% басқа елдерден келді.

Елімізге келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы (27,8%), Маңғыстау (12,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (4,8%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,7%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағылар саны 67,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші – 23,8%, зейнеткерлер – 8,7%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,3%-ы жоғары білімді, 37%-ы орта кәсіби білімді, 38,4%-ы жалпы орта білімді және 7,3%-ының білімі жоқ.

Бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде төленеді.

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago