Білім

800-ден астам мұғалім біліктілік санатын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған

Елімізде 800-астам мұғалім біліктілік санатын және жалақысын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған. Оның ішінде қарапайым мұғалімдер де, мектеп пен колледж басшылары да бар, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ұстаздар 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі аралықта ақы төлеген. Мұғалімдердің саудасын қыздырып, тест жауаптарын сатқан Ақтөбе облысындағы компания болып шықты. 2022 жылдан бастап ақша үшін аттестаттаудан тек осы өңірдің педагогтары ғана емес, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облысының, сондай-ақ Жетісу мен Ұлытаудың мұғалімдері де өткен. Олардың көпшілігі өз орындарында жұмысын жалғастыруда.

Мамандар аталған жүйені өзгерту керек деп дабыл қағады. Егер мұғалім аттестаттаудан өтпесе, онда өз санатын жоғалтады. Сондықтан олар заңды бұзуға мәжбүр.

Менің ойымша, мұғалім бір рет тапсырған санатты сақтауы керек, әрине, ол оны тестілеу арқылы емес, жетістіктер, оқушыларының білім сапасының көрсеткіштері түрінде растауы керек. Қараңызшы, бізде әскерилер атақ алады, егер ешқандай бұзушылықтар болмаса, олар оны жоғалтпайды, керісінше, әр 5 жыл сайын әскери атағын тағы көтереді,

дейді қазақстандық білім беру сарапшылары лигасының вице-президенті Наталья Дрейт.

Депутаттар да аталған мәселеге алаңдаушылық білдіруде. Олар мұғалімдер заң бұзушылыққа жаппай жүгінгендіктен, тестілеу жүйесінде проблемалар барын айтады.

Мұғалімдер ренжіді, олар аттестаттаудан өту мүмкін емес екенін айтады. Музыка мұғалімдері немесе дене шынықтыру мұғалімдері өтініш білдіріп, оларға қатысты нақты сұрақтары жоқ екенін, сондықтан аттестаттаудан қалай өту керектігін білмейтін мәселелер бар екенін айтты, сондықтан ең алдымен бұл мәселені шешу керек,

дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Енді аттестаттау форматы өзгереді, бірақ сұрақтардың өзгеретін-өзгермейтіні белгісіз. Мұғалімдер заңды айналып өту үшін алған барлық сертификаттарының күші жойылады. Мұғалімдер алған барлық жәрдемақыларын бюджетке қайтаруға мәжбүр болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago