Categories: Қоғам

Ол пәлен еді, түген еді. Дауым жоқ – Болат Назарбаевтың адвокаты

Заңгер Ләззат Ахатова Болат Назарбаевтың адвокаты ретінде әйгілі клиентінің қайтыс болғанын жоққа шығарды. Сонымен қатар, біреудің ажалына қуанатын отандастарына деген ренішін жеткізген екен, желідегі парақшасында.

Сонымен бірге, «мұндай әрекеттер жалғаса берсе, ресми шағым беріледі» деп, жалған ақпарат жариялаған тұлғаларға заңгерлер тобының атынан ескерту жасады.

БІреудің өліміне қуану деген сұмдық көрініс екен. Жек көрудің шегі – адамдықтың да шегі ме екен, әлде? Жауының қазасына да құрметпен қарайтын текті халық едік, қазақ деген ұлы халықпыз деп бөспей-ақ қоялықшы. Шын мәнінде тарих рас болса, ата-бабаларымыз ата жауының да қазасына қайғырмаса да, қуанбаған, адами қасиетін жоғалтпаған.

Болат Назарбаев – тірі.

Адвокаты ретінде қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарамын. Тірі адамды өлді деп жариялау, жариялап қана қоймай, өлімді келеке ету-шынында шок алатын көрініс. Мен БН-ның ешкімі емеспін. Бір ісі бойынша келісім-шарт негізінде кәсіби қызметімізді көрсетеміз. Клиенттерімнің бірі, бір сөзбен айтқанда. Құқықтық қызмет көрсету-менің кәсібім, жұмысым.

Аралас-құраласым жоқ, өмірде көрмегем, іс-әрекеттеріне жауап бермеймін. Алайда кімнің болса да, өліміне қуанатын адамдармен бір қоғамда өмір сүру – қорқыныштан бұрын, қауіпті сияқты. Ал тірі адамды “өлді” деп, жалған ақпарат жариялау – адами нормаларға да, заң нормаларына да келмейтін нәрсе. Іріп-шіріген қоғам дегенде, соншалықты ондай емес шығар деп қимаушы едім, қазағымды. Енді сендім. “Өкпеге қиса да, өлімге қимайды” деген ұғым дәл қазіргі заман адамдарына жат ұғым екен. Қорқауға айналыппыз. Әкесін өлтіргенге де кешірім жасаған кеңдігі бар халық екеніміз өтірік емес еді. Бұл жерде кешіріңдер дегелі тұрған жоқпын. Ол менің айтатын сөзім емес. Әркім өз ісіне жауап береді.

Бұл ретте соншалықты өшпенділіктің түп-тамырына үңілгім келді. Мәселе-қымбатшылық, қиындықта дейін десем, соғысты да, ашаршылықты да, небір нәубетті басынан өткерген қазақ еді. Ол кезде де бір-біріне осындай адамдықтың шегінен шығып кеткен шексіз өшпенділік болды ма екен? Бір-бірін халық жауы қылып, аттырып жібергендер аз болмады ғой. Соған қарағанда, мұндай қорқаулық инстинкт бізде баяғыдан болған болып тұр ғой?

Өзі пәлен еді, түген еді дерсіздер. Дауым жоқ. Мен де халықтың бірімін. Қылмысы заңды тұрғыда әшкереленсе, кім болсын, жауапқа тартылсын. Тартылып та жатыр,

деп жазды заңгер.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago