Categories: Оқиға

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі: полиция TikToк желісін бақылап отыр

Павлодар облысының Новоямышево ауылының 24 жастағы тұрғыны TikToк желісінде тікелей эфирге шыққан. Өзін әдеттегідей ұстаған ол балағат сөздер арқылы ойын жеткізе берген.

Алайда жас жігіт оның тікелей эфиріне полиция қызметкерлерінің қосылғанын байқамаған. Айтылған ұятсыз сөздері үшін хаттама толтырылды. Сотта қаралған соң жігіттің анасына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Яғни — 34 500 теңге.

Бұл жолы жігіттің бағы бар екен. Себебі екі аптадан соң дәл осы қылығы үшін ол екі есе көп айыппұл төлейтін еді. Тіпті темірторға қамалуы да мүмкін.

Наурыздан бастап әкімшілік кодекске түзетулер енгізіледі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, балағат сөздер үшін 20 АЕК көлемінде (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған. Немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

3 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

3 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago