Астананың миллионыншы тұр­ғыны мектепке барады

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазір елордада 1 миллион 350 мың адам тұрады.

Дамыған елдердің астанасына көз салсақ, халықтың ел орталығына шоғырлануы қалыпты жайт. Айталық, Токиода 38 миллион, Делиде 28 миллион адам бар. Біз елорда күніне орай Астананың миллионыншы тұр­ғыны 7 жастағы Саида Мұхамедияр туралы Айқын ақпараттық агенттігі жазды.

Осыдан 20 жыл бұрын Саиданың ата-анасы бірі Қостанайдан, бірі Павлодардан Астанаға арман қуып келеді. Екеуі университет қабырғасында танысып, үлкен өмірге осы қалада алғашқы болып қадам басады. Бірақ жас отбасы өздерін алдыда не күтіп тұрғанын бұл кезде білмейтін. Тағдырдың сыйымен, тұңғыш перзенттеріне Астананың миллионыншы тұрғын атану бақыты бұйырады. 2016 жылы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүние есігін ашқан қыз отбасына ғана емес, еліне де қуаныш сыйлады.

Жолдасым екеуміз студент шақта таныстық. 4 жыл кездескеннен кейін отбасын құрдық. Биыл үйленгенімізге 8 жыл болды. Саидадан кейін тағы 2 қызымыз дүниеге келді. Астанада 20 жылдан бері тұрамыз.

Саиданың есімін ата-әжесі қойыпты. Себебі ол – әулеттің асыға күткен тұңғыш немересі. Саида есімі араб тілінен аударғанда «бақытты», «жолы болғыш» деген мағынаны білдіреді. Астананың демографиялық көрсеткішіне елеулі өзгеріс әкелгені үшін қала әкімдігі отбасына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған. Осылайша, Олжас пен Арай­лымның қуанышы екі еселенеді.

Әкімдік қызметкерлері Саида дүниеге келген­де перзентханаға құттықтап келді. Саидаға сый­ланған ең үлкен сыйлық – қаламыздың оң жаға­лауынан берілген екі бөлмелі пәтер. Біз мұндай сый береді деп күтпедік. Өзіңіз де білесіз, елордаға келген әрбір жас осы қалада тұрақтап қалуды, баспаналы болуды армандайды. Саида біз үшін несібесі тасып туған бала болды.

Биыл Саида мектеп табалдырығын аттайды. Ол бой жеткен сайын қала тұрғындарының саны да өсіп келеді. Анасы Арайлымның айтуынша, қазақтың дарқан пейілі бұл балаға да дарымай қалмаған. Ол ешкімді жатырқамайды, кез келген жерде айнала­сындағылармен ойнап, тәтті қылықтарымен үйіріп алады. Өзіндік мінезі де жоқ емес. Қалаған дүниесіне ұмтылса, соңына дейін қол жеткізбей қоймайды.

Саида биге қатысады. Арманы – мың бұралған биші атану. Кішкентайынан өкшесін көтеріп, аяғының ұшымен жүріп, балериналар секілді би­лейтін. Өскен сайын шығармашылыққа жақын екенін байқап келеді. Үйдің үлкені болу – үлкен жауапкершілік. Себебі өзіңнен кейінгі бауырларыңа үлгі болуың, ата-анаңа демеу болуың қажет. Саида 7 жаста болса да өзіне артылған сенім жүгін қазірден түсінеді. Анасының айтуынша, Саида артынан ерген сіңлілеріне қамқор. Әрқашан оларды ойнатып, қасында жүреді.

Саиданың Әмина, Рамина есімді екі сіңлісі бар. Ол спорттан да кенде емес. Қазірдің өзінде «Жастар» клубының атынан таэквондодан өтіп жүрген қалалық сайыстардың жүлдегері атанып, бізді қуантып жүр.

Миллионыншы тұрғын Саида кішкентайынан халықтың көз алдында өсті. Ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдары да талай рет жазды. Сондықтан ба, Саиданың мінезі ашық.

Арайлым қазір үш баланың тәрбиесімен өзі айналысып жүр. Қыздарының елге сыйлы, халыққа құрметті азамат болғанын қалайды. Сол үшін де Саиданы қазақ сыныбына беруді жоспарлаған.

– Қазір Саида қазақша, орысша еркін сөйлейді. Ағылшын тілін де меңгеріп жүр. Біз оның қалауын әрқашан бірінші орынға қоямыз. Мектеп таңдайтын кезде ойланбастан қазақ сыныбын таңдадық. Себебі Саиданың ұлт болашағын ойлайтын азамат болғанын қалаймыз,

дейді Арайлым Мұхамедияр

Иә, жыл өткен сайын Астана да құлпырып, дами түсуде. Саида да елордамен бірге өсіп келеді. Миллионыншы тұрғынның миллиондарды өзіне қаратар, асқақ арман иесі боларына біз де сенеміз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago