Фото: t.me/kris_p_almaty_official
Алматы қаласындағы Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болған өртке байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды: өрт қауіпсіздігін сақтамау және өрттен бір адамның қаза болуы.
Бұл жөнінде 2 тамыз күнгі брифинг кезінде Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық.
Ресми ақпарат бойынша өрттен бір адам қаза болған, 40-тан астам адам зардап шеккен.
Ерлан Әлібековтің айтуынша, кешкі көлік кептелісі мен тұрақтағы көліктерге қарамастан өрт сөндірушілер сейсенбі күні оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін 6 минуттан соң жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде 3,4,5-қабаттан қатты түтін шығып жатқанын, жоғары жақтағы адамдардың көмек сұрап жатқанын көрген.
– Құтқарушылар 80 адамды құтқарды: 35-і құтқару «қалпақтары» арқылы, 25 адам өрт сөндіру баспалдақтары арқылы, 20 адам крандар арқылы түсірілді. 200-ден астам адам эвакуацияланды, – деді Ерлан Әлібеков.
Бір күн бұрын интернетте кей адамдардың құтқарушылар көмегін күтпей, төмен қарай секіргені көрінетін видеолар тараған. Төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков олардың әрекетін «байбалам» деп түсіндірді. Ол «жоғары жаққа өрт сөндіру баспалдақтары жетпеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.
– Кеше жағдай күрделі болды. Қатты байбалам [салғандар] болды. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай жағдайда балконға шығу керек. Дымқыл шүберекпен балкон есігін қатты жауып (осылайша түтін балконға кірмейді), сол жақтан көмек күту керек, – деді ол.
Оның айтуынша, көпқабатты тұрғын үйде өрт қауіпсіздік ережелері сақталмауы өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге кедергі келірген. Қазір оқиғаға байланысты ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Сараптама тағайындалған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
16 қабатты тұрғын үйде барлығы 94 пәтер бар. Эвакуацияланған 250-ден астам адамның көбі өткен түні туыстарының үйлерінде қонып шықса, бірнеше адам жақын маңдағы мектептен ұйымдастырылған эвакуация пунктін паналаған. Қазір тұрғын үйге кіруге тыйым салынған. Өрт иісі аздау деген 3-4 қабатқа кейбір тұрғындар кіріп, керекті заттарын алып кетіп жатыр. Ғимарат маңына палаткалар орнатылған. Сыртта полиция, әкімдік өкілдері жүр. Тұрғындар кешегі оқиғадан шошынып қалған. Сұхбат беруден көбі қашқақтады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…