Ақмола облысында ер адам қорасында алтын өндіріп келген

Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды. 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған, деп хабарлайды ktk.kz арнасының жаңалықтар қызметі.

Ауладағы сарайда қондырғының түр-түрі тұр. Құрылғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылардың бәрін үй иесі қолдан құрастырған. Ал құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр.

Степногор қаласының полицейлері жасырын цехта кварц кенін өңдеп жатқан Бестөбе тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, бағалы металлдың заңсыз  айналысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз цех тәркіленді,

деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago