Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды: зардап шеккендер бар

Ақмола облысында мектеп қазандығында жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 18 қарашада 12:18-де Аршалы ауылы, Писарев көшесі, 18-үйде болған.

Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында, жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылып, ғимарат құрылымы бұзылған,

деді Руслан Иманқұлов.

Үш адам ауруханаға жатқызылды: 1983 жылы туған үй-жай басқарушысы, 1990 жылы туған электрик және 1967 жылы туған от жағушы.

Зардап шеккендердің бәрі есін біледі, жағдайы нақтыланып жатыр,

деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі.

Мектеп қашықтан оқытуға көшкен. Жергілікті атқарушы органдармен сол жерде жедел штаб құрылып, зардаптарды жою және жылумен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago