Categories: Қоғам

Ақмолада ауыл тұрғындары мәйітті зиратқа қайықпен жеткізіп жүр

Ақмола облысы, Арбузинка ауылы іргесіндегі Сарқырама өзені тасып, жолды шайып кетті. Салдарынан екі жүзге жуық тұрғын сыртқа шыға алмай, о дүниелік болғандарды ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

Ақмола облысында Сарқырама өзені арнасынан асып, ауылды «қыспаққа алды». Тұрғындардың күн көзін көріп, сыртқа шығуының өзі мұңға айналғандай. Тіпті, өмірден озған жақындарын ауыл зиратына қарай қайықпен аттандырып, қызыл судың сабасына түскенін күтіп жүр.

КТК телеарнасының жазуынша,  ауылдағылар мәйітті арғы бетте қалған зиратқа жеткізу үшін ескекті қайыққа салып жібергенімен, көпшілігі сыртта жанын шүберекке түюмен болады. Өйткені қалт-құлт еткен ескі қайықтың өзі қырық жамау. Сарқырама өзені жанай өтетін Арбузинка ауылының тұрғындары жыл сайын, көктемде, көретін күніміз осы деп отыр. Бір аптадан бері 30 оқушы да көрші ауылдағы мектепке жете алмаған. Мұнда медицина пункті де жоқ. Сандықтау ауданының шенділері қолдан келер қайран жоқ, 200 метрге жететін көпір салуға кемінде 1 жарым миллиард теңге қажет дейді. Сондықтан, күн жылынып, су ағып кеткенін күткеннен басқа амал жоқ.

Аудандағы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы бұған қатысты мынандай пікір білдірді:

Арбузинка ауылы биік жерде тұрғандықтан, үйлерге су кірген жоқ. Сарқырама өзеніндегі мұз еріген кезде жылда осындай жағдай орын алады. Тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Қазір су деңгейі ақырын төмендеп келеді. Соңғы тәулікте ағын су 20 сантиметрге түсті. Қажет жағдайда қайықпен тасымалдаймыз,

деді Сандықтау ауданы ТЖБ бастығы Әсет Жанғожин.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago