Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Нұргүл Мауберлинова берген өтініші бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген.

Саранның Абай атындағы педагогикалық училищесін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің электрон БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, бас сарапшысы, бөлім бастығы;

2008-2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты;

2012-2016 жылдары ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісі төрағасының кеңесшісі;

2016-2018 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат комитетінің төрағасы;

2018-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;

2019-2020 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

2020-2022 жылдары ҚР президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

43 минуты ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 час ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago