5 қазан мен 8 қараша аралығында Green Card лотореясы басталды.
Жыл сайын әлемнің әр қиырынан Америкаға барғысы келетін миллиондаған адам лотореяға қатысады. 2021 жылы 1223 қазақстандық Green Card ұтып алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жасыл карта – бұл АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат беретін құжат. Оны толыққанды төлқұжат ретінде де пайдалануға болады.
Карта 10 жыл мерзімге беріледі. Алайда оны алғаннан 5 жылдан кейін АҚШ азаматтығына да тапсыруға болады.
Бір сөзбен айтқанда жасыл куәлік америкалықтарға заңмен берілген барлық игілікті көруге құқық береді. Тек бірқатар шектеулер бар:
Жасыл карта лотореясы жыл сайын ойнатылады. Жыл сайын бұл ұтысқа әлемнің әр түкпірінен миллиондаған адам қатысып, бақ сынайды. Алайда шамамен 100 мың адам ғана ұтысқа ие болады. Өтініштер бірнеше талап бойынша қабылданады. Атап айтқанда:
Өтінішті дұрыс толтырып, сапалы сурет ұсынған адамның ұтысқа ие болу мүмкіндігі жоғары. Содан соң үміткер сұхбатқа шақырылады. Нәтижесінде 40-50 мың адам визаға ие болады.
Статистика соңғы жылдары жасыл карта ұтысына қатысып жатқан қазақстандықтардың қатары көбейіп жатқанын көрсетіп отыр. АҚШ-қа кетуді армандайтын қазақстандықтар саны 2008 жылдан бері 10 есе көбейген.
2008 жылы 8,8 мың адам қатысса, 2018 жылы 82 мың өтініш берілген. Сондай-ақ 2021 жылы виза алу үшін 2019 жылдың ұтысына 67 593 қазақстандық қатысқан. Оның 2406-ы аталған ұтысқа ие болды.
Ал 2018 жылы 886 адам, 2019 жылы 1 584 адам жасыл картамен Америкаға кеткен екен.
Айта кетейік, америкалық визаны алуға кез келген адам өтініш бере алады. Әрі отбасының бір мүшесі ұтса, қалған мүшелері автоматты түрде виза ала алады. Өтінім қабылдау қарашаның басында аяқталады, ал нәтижесін 2023 жылдың мамыр айында сайттан билет нөмірін енгізу арқылы білуге болады.
Виза ұтысына қатысу үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтына кіріп, сауалнаманы ашып, оның барлық бағандарын дұрыс толтыру қажет.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…