АҚШ Қазақстанмен енді басқаша сөйлесуі мүмкін

«50 жылда ел жаңа».

Америкалық сенатор АҚШ Конгрессін Джексон-Вэниктің Орталық Азияның үш еліне қатысты енгізген түзетулерін алып тастауға шақырды. Бұл түзету 1974 жылы «қырғи-қабақ соғыс» кезінде бірқатар елдерге қатысты қабылданған. Ол елдердің ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан бар. 

Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің мүшесі, сенатор-демократ Крис Мёрфи (Chris Murphy) 26 шілдеде «Дипломат» журналына мақала жариялап, «Джексон-Вэник түзетулерін жою Орталық Азиямен тұрақты және қалыпты қатынасты қамтамасыз етеді» деп атап өткен.

Ол геосаяси жағдайлардың өзгеріп жатқанына байланысты АҚШ үкіметі Орталық Азиямен қарым-қатынасты кеңейтуі тиіс деп есептейді. Себебі, АҚШ сырттай бақылап отырғанда, Ресей мен Қытай Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға ықпалын күшейтті дейді.

Өкінішке қарай, қазір қарым-қатынасқа дамуға кедергі болып жатқан федералды заң,

деген.

1974 жылы конгрессмен Генри Джексон мен Чарльз Вэник Кеңес Үкіметімен сауда-саттықты шектейтін Заңға түзетулер енгізуді ұсынады. Демек, сауда үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалмайды, мемлекеттік несие мен несие кепілдіктеріне тыйым салынады. АҚШ-тан импорталатын тауарларға тиімсіз тарифтер мен алымдар қосылады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы Джексон-Вэник түзетулерін алып тастау жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс жасалған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago