АҚШ пен Канададағы қарлы бораннан халық ажал құшып жатыр

Рождество мерекесі қараңында АҚШ-та болған қатты аяз бен нөсер жауын салдарынан ел бойынша 57 адам қаза тапты. Ал соққан қарлы боран Нью-Йорк штатының батысында кем дегенде 27 адамның өмірін қиды.

Қазір АҚШ-тың 12 штатында ауа райы қолайсыздығы сақталып тұр. Суық ауа райы ел аумағының басым бөлігін қамтыған. АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, бұл алғаш рет болып тұрған құбылыс. Қарлы боран солтүстіктегі Канададан бастап оңтүстіктегі Рио-Грандеге дейінгі кеңістікті қамтыды.

АҚШ-тағы ауа райының қолайсыздығынан қайтыс болғандар саны 57-ге жетті.

Канадада автобустың тайғақ жолда аударылып кетуі салдарынан төрт адамның қаза тапқаны хабарланды.

Associated Press мәліметінше, жексенбіде түстен кейін 200 мыңға жуық тұтынушы электр қуатынсыз қалды, дауылдың ортасында 1,7 миллион адам болған. Дауыл бірнеше күн бойы дүрбелең тудырды, бірақ қазір электр қуаты біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Ең қайғылы жағдай Нью-Йорк штатында, атап айтқанда, Буффало қаласында болды, ондағы құрбандардың саны өзге штаттардан көбірек. Штат губернаторы Кэти Хоулдың айтуынша, Буффало қаласы соғыс алаңынан кейінгі көрініске ұқсайды. Дүйсенбіде шаһарда ауа райы қолайсыздығынан көз жұмған 27 жағдай тіркелді, бұл – АҚШ-та қаза тапқандардың жартысы. Неліктен бұл қаланың табиғи апатқа дайындығы нашар болғаны әзірге белгісіз. 

Демалыс күндері 250 мыңға жуық тұрғын үй мен кәсіпорындар электр қуатын беруде үзілістерге ұшырады. Өлім жағдайларының көбі Вермонт, Огайо, Миссури, Висконсин, Канзас және Колорадода тіркелді. Ең қатты аяз АҚШ-тың батысындағы Монтана штатында байқалды: ауа температурасы -45C дейін төмендеді.

Канадада табиғи апаттан Онтарио мен Квебек провинциялары қатты зардап шекті. Ондағы аяз жүздеген мың адам тұратын үйлерде электр қуатының үзілуіне әкелді.

Канада территориясының басым бөлігі — британдық Колумбиядан Ньюфаундлендке дейінгі  территория суық ауа райының ықпалында қалды. Тұрғындарға ауа райының бұдан әрі нашарлайтыны туралы ескертілді.

Жауын-шашынның көп болуына байланысты жылы ауа райы орнаған жағдайда су тасқыны қаупі бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago