Фото: ашық дереккөзден
ҚХР наразылығына қарамастан, АҚШ Тайваньмен қарым-қатынасын күшейтпек. Екі елдің арасындағы сауда қатынастары туралы келіссөздер осы күзде басталады.
Америка делегациясының Тайваньға сапарынан кейін Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіскен қарым-қатынас енді одан әрі нашарлауы мүмкін. Вашингтон мен Тайбэй әкімшілігі 18 тамызда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жаңа бастама күздің басында басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Interfax.ru.
Тараптар сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды кеңейтеді, деп хабарлады АҚШ сауда өкілі Кэтрин Тай.
Пекин Тайваньды Қытайдың біртұтас бөлігі деп санайды. Сол себепті Тайбэйді кез-келген ресми байланыстардан алшақтатып отыр. АҚШ пен Тайвань арасындағы сауда келіссөздері аясында ҚХР сыртқы істер министрлігі Қытай егемендігіне әсер ететін кез-келген ресми келісімдерге үзілді-кесілді қарсылық білдіріп отыр.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары Қытай, Тайвань және Тайваньның одақтасы саналатын АҚШ арасындағы шиеленісті арттырды. Бұл қарым-қатынастар тарихы 70 жылға созылған қақтығыстан тұрады. Пелоси АҚШ-тың саяси иерархиясында президент пен вице-президенттен кейінгі үшінші орында. Пелосиден кейін көп ұзамай Тайваньға американдық конгрессмендердің делегациясы келген еді.
Бейжің болып жатқан жағдайды арандатушылыққа теңеп, соңғы онжылдықта болмаған ең үлкен әуе және теңіз блокадасын жасаумен әскери жаттығуларын өткізді.
Қытай Тайваньды өз бақылауына алуға тырысып отыр. Кері жағдайда күшпен басып кіруге дайын. Бұл ретте Тайвань АҚШ-тың қорғауында.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…