Фото: ашық дереккөзден
Америка билігі Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін қосымша 100 миллион доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми сапармен Түркияға барып, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аудандарды өз көзімен көрді. Нәтижесінде ол бұрын бөлінген қаражат көлемін ұлғайтуға уәде берді. Сонымен қатар санкцияларға қарамастан Сирияға да қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Сирияға қатысты қандай да бір санкциялар болса да, бұл гуманитарлық көмек көрсетуге әсер етпейді,
деді Энтони Блинкен.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ бұған дейін Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 85 миллион доллар бөлген болатын.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…