Categories: Қоғам

АҚШ Тәжікстанның кедей отбасыларына 13 млн доллар береді

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID), БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы және ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның балалар қоры) Тәжікстандағы жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін 13 млн доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі хабарлады

Ақпаратқа қарағанда, 200 мыңға жуық адам қайтарымсыз ақшалай көмек алады.

БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасының Тәжікстандағы өкілі Адхам Мусаллам ел халқы кедейшіліктен зардап шегіп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты біз үшін Тәжікстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтылықты кеңейту істерін жалғастыру өте маңызды»,

деді Мусаллам.

АҚШ елшілігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ЮНИСЕФ балалардың жеткіліксіз тамақтануының алдын алу және балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамсыз ету қызметін көрсетеді. Бұдан бөлек бес жасқа дейінгі 270 мың баланың, 240 мың аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерді дұрыс тамақтандыру бойынша және техникалық жағынан көмек көрсетеді.

Елшілік БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы жариялаған азық-түлік қауіпсіздігі бойынша баяндамаға сілтеме жасап, Украинадағы соғысқа байланысты Ресейден ақша аудару азайып, азық-түлік бағасы қымбаттап, 800 мыңға жуық адамға азық-түлік жетіспеушілігі орын алуы мүмкін екенін ескертеді.

Халықаралық ұйымдар Тәжікстан халқына көмек бөлініп келе жатқанын айтып келеді. Бірақ жергілікті тұрғындар ол көмектің өздеріне жетпей жатқанына наразы.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago