Оқиға

АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қазақстан тумасы 46 жастағы Руслан Асайынов АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Руслан Асайнов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте тұрған. Асайынов 1998 жылы АҚШ азаматтығын алған. Белгілі болғандай, ол 2013 жылы Түркия арқылы Сирияға барып, ДАИШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) снайпер ретінде қосылған.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, аз уақыт ішінде Асайынов лагерьлерге жаңадан келген топ мүшелерін оқытуға жауапты «әмір» болып тағайындалған. Асайыновтың 100-ге жуық адамды оқытқаны айтылған. 

2019 жылы Асайынов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынды. Қазақстан тумасы АҚШ-қа жеткізіліп, Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.

Үкім Асайыновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнап, Сириядағы ДАИШ үшін снайпер қызметін атқарды.

Асайынов мырза отбасын және елін тастап, лаңкестермен бірге соғысып, басқаларды лаңкестікке үйрету үшін кетті. Қазір ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Руслан Маратұлы Асайынов темір тордың артына қамалған кезде әлем, сөзсіз, қауіпсіз жерге айналды,  

делінген Нью-Йорк Шығыс округінің федералды сотының хабарламасында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago