АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысып, апатқа ұшырады.
«Даллас үстіндегі қанаттар» шоуы кезінде қайғылы оқиға туралы жергілікті WFAA хабарлады. Ұшақтардың соқтығысу сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбалаушы В-17 ұшағы кері бұрылып жатқан басқа ұшақпен соқтығысқаны көрінеді. Соқтығысқаннан кейін В-17 ұшағының алдыңғы бөлігі сынып, жерге қонғаннан кейін ұшақ отқа оранды.
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25 шамасында болды. Ардагерлер күніне арналған әуе шоуын Әуе қорғаныс күштері ұйымдастырды. Екі ұшақ та толығымен қирады. Ресми тұлғалар B-17 экипажы төрт-бес адамнан тұратынын, P-63 кабинасында бір адам болғанын хабарлады.
Ұшақ апатының салдарынан алты адам қаза тапты. Ал көрермендер арасында зардап шеккендер жоқ.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…