Categories: Маңызды

АҚШ-та қудалау мәдениеті қалай жұмыс істейді — Канье Уэсттің мысалында

Атақты музыкант әлеуметтік желілерде жасаған мәлімдемелерінің кесірінен шамамен бір жарым миллиард долларынан айырылды.

Парижде өткен сән апталығы Канье Уэсттің өмірін дейін және кейін деп екіге бөлген сияқты. Ол өзінің киімдер көрсетіліміне White Lives Matter деп жазылған толстовкамен келген — бұл Black Lives Matter (BLM) қозғалысының ұранына қарсы мәлімдеме. Канье эпатажын түсіндіре отырып:

«Біздің Америкадағы болашағымыз — бұл тек кедейлік, түрме және өлім. Сондықтан афроамерикалықтардың өмірі маңызды деудің қажеті жоқ. Онымен ойнамаңыз»

дейді.

Сондай-ақ, Уэст өзінің әлеуметтік желілерінде бірқатар даулы антисемиттік мәлімдемелер жасады.

Минус бір жарым

Жауап ұзақ күттірмеді. АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамптың ең белсенді жақтастарының бірі болып табылатын Уэст «кудалау мәдениетіне» ұшырады (бір сәтте нон грата адамына айналған, әлеуметтік немесе кәсіби қауымдастықтардың қолдауынан айырылған танымал адамды сипаттайтын әлеуметтік-саяси термин).

Миллиондаған аудиториясы бар рэпердің әлеуметтік желілердегі парақшалары бұғатталды, көптеген жетекші америкалық басылымдар музыканттың атын атаудан бас тартты, көптеген радио компаниялар мен стримингтік сервистер әртістің әндеріне тыйым салғанын жариялады, ал ұзақ уақыт бойы әншімен серіктес болып келген компаниялар Каньемен келісімшарттарын бұзды. Оның ішінде рэпер 2013 жылдан бері қымбат және танымал Yeezy кроссовкалары бойынша серіктес болған Adidas компаниясы. Cowen инвестициялық банкінің мәліметі бойынша, Yeezy өнімдерінің сатылымынан Adidas 4-8 пайыз алып отырған.

Компания әртіспен серіктестіктен өте жақсы пайда тауып отырғандықтан, бастапқыда рэпердің сөздеріне қалай жауап берерін білмеді. Канье, оған қоймай, Adidas негізін қалаушылар — немістер нацистермен тікелей байланыста болды деп мәлімдеді. Нәтижесінде, компания «Канье Уэстпен серіктестікті дереу тоқтатады» деп пресс-релиз жариялады.

Осының салдарынан Уэст шамамен 1,5 миллиард доллар жоғалтты және қазірде Forbes мәліметінше миллиардер болып саналмайды (қазір оның байлығы 400 миллионға бағаланады).

— Уэст — жай адам емес, ол бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйері бар поп-мәдениеттің белді тұлғасы, — деп жазды Endeavour компаниясының бас директоры Ари Эмануэль Financial Times басылымына. — Олардың арасында көзқарастары енді қалыптасып келе жатқан жастар бар. Сондықтан мұндайда үнсіз қалмауымыз керек. Жеккөрушілік пен антисемитизмге біздің қоғамда орын жоқ. Уэстпен бизнес жүргізуді жалғастыратындар өз аудиториясына оның жеккөрушілігіне түсіністікпен қарауға мәжбүр етеді.

Сонымен, Уэст не деген еді?

Мұның бәрі Уэсттің басқа танымал рэпер — P.Diddy-мен (Шон Комбс) керісіп қалуынан басталды. Канье қандай да бір себептермен өзінің әлеуметтік желілерінде Комбстың мекен-жайын жариялады, содан кейін «Иисус — еврей» деген тақырыппен пост жазып, P.Diddy-ге соғыс жариялайтынын мәлімдеді.

«Бұл ойын емес. Сені маған қоңырау шалғызуға мәжбүрлеген барлық еврейлерге үлгі боласың (Каньенің пайымдауынша, қастандық теориясымен өмір сүретін еврейлер қауымдастығы бар). Ешкімнің мені қорқытуға құқығы жоқ. Саған айттым ғой, бұл — соғыс. Өз шаруаңмен айналыс»,

деді Уэст рэперге.

Бұл хабарламаны әлеуметтік медиа модераторлары жойып, Каньенің аккаунты бұғатталды.

Ол Twitter-ге ауысып: «Менің қазір аздап ұйқып келіп тұр, бірақ оянған кезде мен еврей халқына қарсы 3 өлім режиміне өтемін. Мен антисемит бола алмаймын, өйткені қара адамдар шын мәнінде еврейлер, ал сендер менімен ойнап, күн тәртібінде сендерге қарсы кез келген адамды жоюға тырыстыңдар», — деп жазды.

Осыдан кейін көптеген жұлдыздар Уэстың ұстанымын қатаң айыптап, мәлімдемелер жасады. Рэперден төрт бала туған оның бұрынғы әйелі (жұп 2021 жылы ажырасқан) Ким Кардашян да үнсіз қалмады. «Жек көру тілі ешқашан қалыпты немесе кешірімді тіл болған емес», — деп жазды америкалық реалити жұлдызы Твиттерде. «Мен еврей қауымдастығын қолдаймын және оларға қарсы жек көру риторикаларын тоқтатуға шақырамын».

Бірақ Уэст мұнымен шектелмеді. Сұхбатында ол BLM қозғалысының иконасына айналған афроамерикалық Джордж Флойд 2020 жылдың мамырында Миннеаполис полициясының қолынан емес, фентанил қабылдағаннан қайтыс болды деп мәлімдеді (Трамп та осыған ұқсас мәлімдеме айтқан). Осыдан кейін Каньеге спорт қауымдастығы да бойкот жариялады. Себебі, NBA ойыншылары мен «Формула-1» жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон BLM культін көпшілікке белсенді насихаттаушылар.

Экс-кандидаттың сиқы

Сейсенбі, 25 қазанда «Бостон» көшбасшыларының бірі Джалейн Браун Уэсттің Donda Sports агенттігімен келісімшартты бұзды. Алайда бастапқыда ол көптен бергі серігіне адал болып қаламын деп уәде берген.

«Лейкерс» супержұлдызы Леброн Джеймс Уэстпен бірге түсірілген The Shop бағдарламасы эфирге шықпайтынын айтты. Форвард Канье бағдарламаны жазу кезінде «қауіпті стереотиптер» мен «өшпенділік тудыратын» мәлімдемелер жасады деді.

Уэсттың бұрыннан келе жатқан досы Хэмилтон ол туралы әлі өз ойын білдірген жоқ. Хэм тіпті Каньені АҚШ президентіне кандидат болуға шақырған.

Нәтижесінде Канье 2020 жылғы сайлауға қатысып, 60 мыңға жуық дауыс жинады. Сайлаушылар 12 штатта: Айова, Арканзас, Колорадо, Айдахо, Кентукки, Луизиана, Миннесота, Миссисипи, Оклахома, Теннесси, Юта және Вермонтта рэперге дауыс берді. Осы штаттардың әрқайсысында ол сайлаушылар дауысының бір пайызынан азын жинады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago