Categories: Шолу

«Ақшаң болса қалтаңда…»: ТМД-ның бірқатар елі инвесторларға азаматтық алуды жеңілдетпек

Әлемдегі шиеленіскен геосаяси ахуалға байланысты азаматтар бейбіт елдерге бас сауғалап жатқаны жасырын емес. Әсіресе көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері Орталық Азия елдеріне қоныс аударғандардың саны артқан.

Шетелдіктерге елде қиындықсыз жүріп-тұру, жұмыс жасау және баспана алу сияқты қарапайым өмірлік қажеттіліктерді іске асыру үшін тұруға ықтиярхат алу маңызды саналады.

Мәселе құны — 120 мың доллар

Қырғызстан үкіметі бұл процедураны қалталы азаматтар үшін жеңілдетуді жөн көрген. Қырғызстанның министрлер кабинеті 2022 жылдың 4 қарашасынан бастап ел экономикасына 10 миллион сом (немесе шамамен 120 мың доллар) инвестиция салған шетелдіктер жеделдетілген режимде тұруға рұқсат ала алатынын хабарлады. Егер резидент емес Қырғызстан экономикасына 10 миллионнан астам сом үлес қосқан болса, онда ол өтініш бергенге дейін 6 ай бойы міндетті тұрусыз тұруға рұқсат алуға мүмкіндігі бар.

Шешім тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайту және Қырғыз Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында әзірленді,

делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.

Бұған дейін шетелдік азаматтар, Қырғызстан аумағында жұмыс істеуге рұқсаты бар еңбек шартымен жұмысқа орналасқанын, елдің оқу орнында оқып жатқанын және инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқанын растай алған жағдайларда ғана тұруға ықтиярхат ала алатын.

Білімді болсаң есік ашық

Ал Өзбекстанда кем дегенде 1 миллион доллар инвестиция құйған шетелдіктерге жеңілдетілген тәртіпте ел азаматтығын алуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл тәртіпті инвесторлар ғана емес, белгілі ғалымдар, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері де талап ете алады.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі Өзбекстан азаматтығы туралы заңға түзетулер енгізді, енді қоғамдық талқылауға жіберіледі.

Заң жобасына сәйкес, Өзбекстан азаматтығына шетелдік азаматтарды немесе елдегі инвестициялық жобалар эквивалентінде кемінде 1 миллион АҚШ долларын инвестициялаған азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін енгізу ұсынылады. Бұл тәртіпті тек инвесторлар ғана емес, сонымен қатар шетелдің танымал ғалымдары, спортшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері де талап ете алады.

Қазір Өзбекстанда жеңілдетілген тәртіп шет мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын қандастарға ғана қолданылады.

Бұл түзетулер елдің инвестициялық тартымдылығын, шетелдік инвесторлар ағынын, елдің халықаралық аренадағы беделін арттырады және халықаралық іскерлік қоғамдастықтың назарын Өзбекстанның инвестициялық ортасына аударады деп күтілуде.

Құжатты талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.

Армения бизнесмендерді күтеді

Ал бұған дейін Армения полициясы экономика, ғылым және денсаулық сақтау салаларына қомақты үлес қосқаны үшін азаматтық беретін заң ұсынған болатын.

Шетелдік азамат ел экономикасына төмендегідей үлес қосқан болса, азаматтығын ала алады:

  • білім мен ғылымды қолдаумен айналысатын қорға өтеусіз кемінде 150 мың доллар салу;
  • коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына 10 жылдан кем емес мерзімге кемінде 150 мың доллар салу;
  • мемлекеттік облигацияларды кемінде 7 жыл мерзімге 150 мың долларға сатып алу;
  • Арменияда құны кемінде 150 мың доллар жылжымайтын мүлік сатып алу;
  • кез келген (мемлекет мақұлдаған) инвестициялық қорға 10 жылдан кем емес мерзімге кемінде 150 мың доллар немесе жоғары технологиялық және венчурлік қорларға 100 мың доллардан басталатын инвестициялар есебінен жарна;
  • жоғары және ақпараттық технологиялар саласында, бірақ басшысы Армения Республикасында тұруға мүдделі болған жағдайда, капиталдандыруы 1 млн доллар болатын компания құру;
  • 250 мың доллар көлеміндегі қаржылық, материалдық-техникалық инвестициялар саласында белсенді қызмет;
  • Нью-Йорк, Франкфурт немесе Лондон биржаларында сауда жасайтын ақпараттық технологиялар компанияларында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Арменияда 80 миллион доллар көлемінде венчурлық қор құру;
  • жоғары технологиялық компанияларға немесе елдің венчурлық қорларына 100 мың доллар немесе одан да көп инвестициялар.

Ал елдегі жағдайға келетін болсақ, 27 қыркүйектегі ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің есебі бойынша, 1 сәуірден бері 4 271 Ресей азаматы Қазақстанда тұруға рұқсат алды, оның 116-сы — біздің этникалық қазақтар. Азаматтыққа 441 адам өтініш берген, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

18 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago