Аты әлемге танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың курсын сатып алып, көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсріпіті. КТК арнасының хабарлауынша, танымал спортшы биыл мамыр айында қыз-келіншектерге арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болыпты. Шамасы жетпегендер тіпті несиеге сатып алған.
Негізі мұндай курстың мақсаты – жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесін бөліседі. Алайда бір айға жетпей, Сабинаның курсына кейбір қыздардың көңілі толмаған. «Ақшасы мен берген білімі мүлдем сай емес» деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етеді.
Бірақ табысы тәуір спортшылар қатарындағы Сабина Алтынбекованың өзі оған басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Ақпарат құралдарында спортшының менеджері «тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды» деп айтқан.
Алматы ПД бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды,
деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…