Атақ және ақша

«Ақшасы бар әйел кездескен соң бізді тастап кетті» — Омар Жәлелдің үшінші әйелі

Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі Ләззат Мырзаш онымен не үшін ажырасқанын әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бес жыл отасып, үш баланың ата-анасы атандық. Бастапқыда Түркияда оқып жатқан жеріме арнайы келіп сырға-сақина тағып, кіші жарым боласың ба деп ұсыныс жасаған болатын. Берген уәдесінде тұрмай, орта жолдан балаларыммен тастап кетті. 5-8 айға балаларыммен жалғыз қалдырып кете беретін. Балаларыма алимент төлемейді. Бірақ берген сұхбаттарында «балаларыма көмектесіп» тұрамын дегеніне ашу-ызам келеді. Оған ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң біздің отбасыны тастап кетті,

дейді ол.

Ләззат Мырзаш атағандай, Омар Жәлелдің алғашқы әйелі екеуінің үйленуіне рұқсат берген. Осылайша, олар Түркияда некелерін қиған.

Ол Маңғыстауда дәріс өткізгелі жатқан Омар Жәлелдің курсын да сынады.

Мына азғын ілімді маңғаз Маңғыстауға жайылып, ұрпағыңның алдында масқара болмақшысың ба? Бұлардың адасушы ілімі киелі де қасиетті жерде тарауға тиесілі емес. Омар, саған ескертеміз, Адайда күйеу сабау деген дәстүр бар. Адай еш уақытта қызын, қарындасын қорлатып жылатып қоймаған,

деп жазды ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

19 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago