Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан шыққан өртпен төтеншеліктер 15 сағат бойы арпалысты.
1 мамыр сағат 15:55 шамасында 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнынан хабар түскен. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртеніп жатқаны айтылған.
Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.
Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталады,
делінген әкімдік хабарламасында.
Тілсіз жау 20:35-те оқшауланып, 2 мамыр 06:20да толық сөндірілді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…