Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ болған малға заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған,
делінген хабарламада.
Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…