Categories: Оқиға

Ақтөбе облысындағы қайғылы жағдайға қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде төрт жасар баланы өлтірді деген күдікті қамауға алынды. Құзырлы органдар оның кім екенін нақты айтпай отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүлдіршін өз әкесінің қолынан қаза тапты деген болжам бар. Себебі, Данил Ахунов жоғалған кезде-ақ ол тергеуге алынып, тәртіп сақшыларының бақылауында болған.

Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндетова: «Жас баланы өлтіру, ҚК 99-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктелген азаматқа қатысты екі айға, яғни 2023 жылдың 28 ақпанына дейін күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берілді. Күдікті тергеу кезінде қамауда болады»,

деді.

Былтыр желтоқсанның 29-ы күні Данил Ахуновтың подъезд алдынан жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлаған. Кейін бүлдіршінді ұрып өлтіріп, қала шетіне көміп тастағаны белгілі болды. Қазір үшемнің қалған екеуі «Аяла» оңалту орталығында тәрбиеленіп жатыр. Оларды күні-түні бақылап отырмыз дейді тәрбиешілер.

Ең сорақысы, Данил мен оның сыңарларын әкесі бұған дейін де ұрып-соққан екен. Оны сәбилер үйіндегі мерекелік кешке келгенде балақайдың өзі айтыпты. Тіпті денесіндегі көгерген іздерді тәрбиешілер де байқапты. Бұл жағдайдан инспекторлар да хабардар болған. Бірақ неліктен шара қолданылмағаны белгісіз. Білім бөліміндегілер қорғаныш кеңесіне қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты.

Иә, 1 желтоқсандағы жағдайды айтып тұрсыздар ғой. Полицияға хабарлама берген. Олар тексеру жүргізген. Біздің қорғаныш бөліммен жұмыс туралы, зерттеу болсын, содан кейін айтамыз,

деді Ақтөбе білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago