Ақтөбеде бұрынғы әкім 3 жылға сотталды

Ол 1 383 915 теңге алған.

Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі алаяқтық бабы бойынша сотталды.

К. лауазымды адам бола тұра өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланғысы келген. Яғни 2020 жылдың сәуір, тамыз айларында бұрынғы танысы Қ-ға жер телімін алып бермек болып, жалпы сомасы 1 383 915 теңге алған.

Сотта ол кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ оның кінәсін Kaspi Gold қосымшасы арқылы жіберген ақша аударымдары арқылы расталды.

Сот К-ны кінәлі деп таныды. Оны мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Абат Көбенов биыл ақпаннан бастап қыркүйекке дейін Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі болды. Бұған дейін Ақтөбе әкімдігі аппаратын басқарды және басқа да қызметтерде істеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago