Categories: Оқиға

Ақтөбеде тұрғын үй жанынан екі әйелдің мәйіті табылды

Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіре берісінен екі әйелдің мәйіті табылды. 

Бұл туралы ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға бүгін түнде тіркелген. Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапқан. 

“Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады. Олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды”, — делінген полиция ақпаратында. 

Сонымен қатар, деректе бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған. Оқиғаның себептері анықталуда.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago