Categories: Оқиға

Ақтөбеде төрт жасар баласын өлтіріп, көміп тастаған әке жауап беріп жатыр

Бүгін прокурор жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиғаның жай-жапсарын баяндады. Бұл Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Тергеу мәліметінше, 41 жастағы Артур Ахунов ұлын үйінде ұрып өлтіріп, мәйітті көму үшін арнайы техника мен жұмысшы жалдапты. Жантүршігерлік оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Сол кезде қатыгез әке қылмысын жасыру мақсатында ұлына өтірік іздеу салып, полицияға арыз жазған.

Сотта прокурор 41 жастағы Артур Ахуновтың қанды қылмысқа қалай барғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Тергеуде айыпталушы ауырып мазасызданған 4 жасар ұлының еркелігін көтере алмағаны анықталды. Сөйтіп, кішкентай Данилді ұрып өлтіріпті.

Суық өтіп, сырқаттанып қалған бала мазасызданып жылай берген. Сосын бауыры мен әпкесіне барғысы келетінін айтқан. Оны көтере алмаған әкесі агрессия көрсетіп, Данилге дауыс көтереді. Сосын қатты затпен басынан, бетінен және ішінен ұрады. Ауыр соққыдан жерге құлап түскен бала есін жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған.

Данил үшемнің бірі. Қалған екі сыңары қылмыс күні әжесінің үйінде жүріпті. Былтыр желтоқсанда қатыгез әке балам жоғалды деп полицияға арыз жазады. Тіпті, еріктілермен бірге баланы іздеді. Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшылары төрт жасар бүлдіршіннің мәйітін тапқан. Мемлекеттік айыптаушы өлген баланың денесін Артур Ахунов шімірікпестен үйінің жанында көміп тастағанын айтты. Тіпті, жерді қазу үшін арнайы техника мен жұмысшы жалдапты.  

Данил Ахуновтың денесін екі қабатты үйге 100 метр қашықтықта көміп тастаған. Жерді екі метр тереңдікте қазған. Ол үшін эксковатор мен жұмысшыны 20 мың теңгеге жалдаған. Оларға құрылыс материалдарын қоқысқа тастау керек деп айтқан. Қылмысын жасыру мақсатында осындай қадамға барды. Балам жоғалды деп бес күннен кейін хабарлаған.

Ахуновқа «жас баланы өлтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр. Оған 20 жылға дейін немесе өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ айыпталушының өзі тергеуге көңілі толмайтынын айтып, кінәсін мойындаған жоқ.  

Тергеуші бірқатар заңбұзушылықтарға барып отыр. Мен тағылған айыппен келіспеймін. Ол маған келемін деп өтірік айтты. Осы уақытқа дейін келген жоқ. Мен сот болатынын бүгін ғана білдім.

деді айыпталушы Артур Ахунов.

Ахуновтың қылмысқа дейін де талай рет үшемді ұрып-соққан дейді прокурор. Жиі таяқ жейтінін балалардың өзі тәрбиешілерге талай мәрте айтыпты. Бұл жағдайдан инспекторлар да  хабардар болған көрінеді. Бірақ не үшін дер кезінде шара қолданылмағаны белгісіз.

Қалалық білім бөлімінің мамандары сотқа жәбірленуші тарап ретінде қатысып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago