Categories: Оқиға

Ақтөбеде өз үйінде анасы мен ұлының мәйіті табылды

Оқиға бүгін, 29 наурыз күні болды. Сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жараланған қызға ота жасалғанын хабарлады.

Қызға ота жасалды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Жағдайы ауыр,

деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago