Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт жасар Данил Ахуновтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды.
Іс бойынша сот анықтағандай, 2022 жылғы 23 желтоқсанда ер адам суық тиіп ауырып жатқан 4 жасар баласының бірнеше жерінен соққы берген. Ол өзінің эмоциясын ұстай алмай баласының басынан, бетінен және ішінен бірнеше рет ұрып-соққан. Бала есін жоғалтып, бас сүйек миының ашық жарақатының салдарынан қан кетуден қылмыс орнында қайтыс болды.
Келесі күні әкеcі аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру мақсатында кішкентай ұлының мәйітін бос жерге көміп тастаған,
делінген хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ұлының бірнеше рет құлап, басын еденге және орындыққа соғып алғанын айтып ақталды.
А. есімді азамат болған жайды ешкімге айтпай, экскаватор жалдап, шөл далада екі метрден асатын шұңқыр қаздырған. Сол шұңқырға баласын көміп тастаған. Оқиғадан бірнеше күн өткен соң мәйітті жерлеген жерін өзі көрсеткен,
деді сот.
Прокурор айыптауды қолдап, соттан ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды сот анықтаған жоқ. Сот қоғамдық қауіпті, жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығын, оның жасалу мән-жайын, денсаулыққа келтірген зиянның ауырлығын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,
делінген сот хабарламасында.
Сонымен қатар қылмыстық істі қарау барысында анықталған заң талаптарын өрескел бұзғаны, жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін Ақтөбе облысының полиция басқармасы мен білім басқармасына қатысты сот жеке қаулы шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…