Categories: Оқиға

Ақтөбедегі қанды оқиға: әйелдің бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салған

Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде бауыздап кеткен. Әйелдің жасы 35-те, бала 16-да. Ал 13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде. Бұл жантүршігерлік қылмысты кім жасағаны белгісіз. Полиция тергеу тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Жалғызбасты келіншек екі баласымен осы үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.

Келген жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің он үш жасар қызы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды,

дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сафия мойын тұсынан бес жерден пышақталған. Операция жасалды. Қазір баланың жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Реанимация бөлімінде жатыр.

Марқұм әйел алты жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Сол бұрынғы жолдасы да күні кеше өзіне-өзі қол салыпты. Артынша отбасында мынадай жағдай болып отыр.

Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі-менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді,

дейді Софияның әжесі Татьяна Игнатьева.

Полицияға қыз бала телефон шалып көмек сұраған. Бұл оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Әзірге күдіктілер табылмады. Күрделі отадан шыққан 13 жастағы Софияның палатасына күзетші қойылған, есін жиған соң ғана оқиғаның мән-жайы белгілі болмақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago