Categories: Оқиға

Ақтөбедегі әйел мен бала өлімі: күдікті қылмысқа не үшін барғанын айтты

Ақтөбеде бір отбасын пышақтап кеткен күдікті ауыр қылмысқа пәтерді тонау үшін барғанын мойындады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қамауға алынған күдікті, яғни 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болғанын айтқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жасар оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан.

Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды.

Ал күдікті қылмысын мойындаған. Қарақшылық жасап, бірнеше адамды өлтіргені үшін айыпталып, тергеліп жатыр.

Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпау шарасымен қамауға алынды,

деді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.

Белгілі болғандай, әйел дәмханада әкімші болып жұмыс істеген. Балаларды жалғыз бағып отырған. Жасөспірім бала колледжде оқып жүрген. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 13 жастағы қыз әкесінен айырылған. Ер адам басқа отбасымен тұрғанымен, балалармен араласып тұрған. Туыстарының айтуынша, ер адам бір күн бұрын асылып өлген. Бірақ екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ екені айтылып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago