Ақтөбедегі жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың деректер анықталды

Екі адамды айуандықпен өлтірді деген 9 күдікті қолға түсті.

Ақтөбе қаласында екі азаматты айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұсталған.

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр,

делінген ПД хабарламасында.

Айта кетерлігі, әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратта қазақстандықтардың жағасын ұстатқан жантүршігерлік қылмыстың видеосы жарияланған еді. Қаза тапқандардың Темір ауданының тұрғындары Амандық Күшкімбаев пен Серік Төлеуов екені анықталды.

Kozachkovv Telegram-арнасында жарияланған деректерге сүйенсе, Күшкімбаевтың артында әйелі мен кәмелетке толмаған қызы қалды. Оның бұрын үш рет сотталғаны, соңғы рет нақты мерзімге – Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Төлеуов те бұрын сотты болған. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша 3 жыл 9 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Еске салсақ, 26 қазан күні сағат 20:14-те Ақтөбе қалалық ІІБ-нің 102 пультіне белгісіз біреу қоңырау шалып, Елек өзенінің жағасындағы «Оазис» монша кешеніне қарама-қарсы жерден екі мәйіттің табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер аталған мекенжайдағы бұталардың арасынан екі ер адамның мәйітін тапты.

Қазіргі кезде полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago