«Қаңтар» болмаса әлі Назарбаевты ұлықтап отырар еді»: Жұрт Жаңбыршиннің мәлімдемесін сынап жатыр

Күні кеше мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің Facebook парақшасында елімізде әділдік болуы үшін нендей әдеттерден арылуымыз керегін айтты.

«Әділ мемлекет құру үшін — шалдың жүйесін өзгерту керек!

Әділ экономика құру үшін — қыз-күйеудің жүйесін бұзу керек!

Әділ қоғам құру үшін — інісінің сектасын жоқ қылу керек!»,

деп жазды депутат.

Бұл жазбасы көптің көңілінен шықты, шындықты дөп басып айтқаны үшін батылдығына ел риза болды.

Алайда атойлатқан жұрттың көңілі көп ұзамай су сепкендей басылды. Кейбір блогер Жаңбыршинның тұңғыш президент билігі өркендеп тұрған кезеңде оны ұлықтаған жазбаларын тауып, жариялай бастады.

Блогер Абзал Достияров Еділ Жаңбыршиннің былтыр 1 желтоқсанда жазған жазбасын жариялады. Онда депутат халықты тұңғыш президент күнімен құттықтап, осы бейбіт күніміз Елбасының арқасында деп жазған.

Құттықтамас бұрын Еділ Жаңбыршин тұңғыш президентпен кездесу кезіндегі эпизодпен бөліседі.

«Құрметті ағайын!

Бұл оқиғаларды мен неге жазып отырмын. Бір кішкентай эпизодтардың өзінен Елбасының адами қасиеттерін, Қазақстан үшін жаны ауратынын, елін сүйетіні көруге болады.

Кеңес империясы ыдырап, мықты деген республикалар, олардың басшылар абдырап қалғанда, Елбасы өз мойнына үлкен жауапкершілік алып, елді соғыссыз, ың-шыңсыз, майдан қыл суырғандай қылып, Қазақстанды алып шықты. Мұндай тектоникалық өзгерістер бұрын соңды біздің өмірімізде болды ма? Ешкімде ондай тәжірибе жоқ еді. Орысша айтқанда на ходу жүріп бәрін үйрендік. Қателіктер де болған шығар. Шалдар айтқан «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» — деп. Жаңылып жүріп жасадық, сүрініп жүріп тұрғыздық! Осының бәрін тәуекелге барып, бастайтын лидер керек еді. Оны Құдай таңдады, елге сондай ерді берді, ел соңына ерді!

Бүгін сол ердің, Тұңғыш Президенттің, Елбасының күні! Құтты болсын! Деніне саулық, отбасына амандық тілейік! Қазағымның басы бір болсын!», — деп аяқтайды сөзін депутат.

— Айғайлағанның бәрі әнші емес!, — деп жазды Абзал Достияров. — Еділ Жаңбыршин деген заңсыз депутат болған біреу Назарбаевты түкке алғысыз етіпті деп көкке көтеріп жатыр екен кейбіреулер, ау, ағайын айттық қой бұл Парламентте жағымпаздықтан тазасы жоқ деп.

Мына бірінші жазба Жаңбыршиннің тұп-тура бір жыл бұрын жазғаны, Назарбаевтардың дәурені жүріп тұрғанда, Қаңтардың иісі шықпай тұрғанда жазды.

Ал екіншісі — бүгін жазғаны. Мықты болса сол кезде айтпады ма? «Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» деген, — дейді блогер.

Блогер Лугзана Байлауовна Еділ Жаңбыршиннің өзі бұл «жүйені» құруға ат салысқанын ұмытып кетпеді ме деп сұрақ қояды.

«Қазір өздері сынап жатқан жүйені өздері құрғанын Жаңбыршин мен басқалары ұмытып кетеді-ау деймін. Солардың арқасында біз 30 жыл бойы «отырып» қалдық. Олай болса үлгі болып, өзі бірінші Мәжілістен кетсін. Ескі, шіріген жүйемен қоштасайық, Жаңа Қазақстанда сіздерді көргіміз келмейді!» — деп жазды ол.

Блогер Мекен Айшуақ қазақтың мақалын келтірді.

«Ірімшік құртым барында БАЛЫМ әже атандым.

Ірімшік құртым кеткесін ЗАЛЫМ әже атандым.

××××××

«Қолында билігі бар кезінде неге айтпадыңыз Еділ Жаңбыршин мырза? Күні кеше 2021-дің 1-ші желтоқсанында мақтадыңыз. Ал бүгін мына сөзді айттыңыз. Ал ертеңгі күні Нұрекең қайтып келсе ше… Сол кезде Тоқаев бейнеленген маскіні шешіп, Нұрекең бейнеленген маскіні киесіз бе?

Неше маскі тіктіріп қойдыңыз? Екеуін көрдік. Әлі қаншасын көрсетесіз?», — деп жазды блогер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago