Қаңтар оқиғасы кезінде екі жанарынан айырылған Ермек Әбдірешов кінәсіз деп танылды

Қаңтар оқиғасынан кейін көзі көрмей қалған Ермек Әбдірешовке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтады. Бұл туралы Алматы прокуратурасына сілтеме жасаған Qantar қоры Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Әбдірешовтің ісінен де Qantar қорының адвокаттары көптеген заң бұзушылықтарды тапты. Мысалы, соқыр адамнан заңды өкілсіз жауап алынған. Сондай-ақ, физикалық тұрғыдан оқи алмайтын сәтінде жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген. Айыптауды алып тастау — әлі күрестің басы ғана. Алда әлі жұмыс көп. Ермекті азаптаған полицей әлі күнге бостандықта. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтеді. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын тапты. Полицейді зардап шеккендер мен куәгерлер таныды,

делінген мәлімдемеде.

Qantar қоры бейбіт наразылыққа шыққан және ешқандай қылмысқа қатыспаған азаматтар үшін әділеттілікке қол жеткізуді көздейді. 

Еске сала кетейік, 37 жастағы Ермек Әбдірешов қаңтар оқиғасынан кейін соқыр боп қалған болатын. Бір көзі митингтің қызып тұрған шағында көрмей қалды — ер адамның бетіне резеңке оқ тиеді. Екінші көзі— тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін көрмей қалған.

5 қаңтар күні Ермек Алматы қаласындағы Республика алаңында бейбіт митингке шыққан. Тәртіп сақшыларыны жарық-шулы гранаталар мен травматикалық қарумен оқ жаудырған сәтте азамат жарақат алып, жансақтау бөліміне түседі. Төрт күннен кейін оны форма киген адамдар келіп, ауруханадан алып кеткен. Содан оны тергеу изоляторына апарып, тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыптап, өзінің айтуынша азаптайды.

Жігіттің отбасы оның тергеу изоляторында отырғанын тек 19 қаңтарда ғана білген. Туыстары шу көтеріп, Ермекті тергеу изоляторынан алып шығады. Кейін Алматы тұрғынын іс бойынша жәбірленуші деп таныған.

Қаңтар оқиғасында ресми дерек бойынша барлығы 238 адам қаза тапты. Олардың алтауы азаптаудан көз жұмған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

21 час ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

5 дней ago